Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты және ел халқын мемлекеттің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Кувейт арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Бұл құттықтау екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың беріктігін және өзара құрметті көрсетеді.
Фото: Әлеуметтік желіден

