Categories Әлем

Қазақстан аусыл індетінен таза деп танылды — Орталық Азияда жалғыз

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан ресми түрде аусыл індетінен толық арылған елдер қатарына қосылды. Бұл мәртебе Орталық және Шығыс Азия аймағында елімізге ғана беріліп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанды аусылдан таза аймақ деп ресми тіркеді. Бұл — ветеринария саласындағы үлкен жетістік. Енді еліміз мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауда шектеулерден құтылады.

«Бұл — біздің ветеринарлар мен мал шаруашылығы саласындағы мамандардың жылдар бойғы еңбегінің нәтижесі. Енді халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігіміз артады», — деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Аусыл — ірі қара мен шошқа сияқты тұяқты жануарларда кездесетін аса жұқпалы вирус. Ауру жануарлардың өнімділігін төмендетіп, экономикаға үлкен зиян келтіреді. Қазақстан бұған дейін де аусылға қарсы вакцинация және қатаң карантин шараларын жүргізіп келген.

Мамандардың айтуынша, бұл мәртебе Қазақстанның экспорттық әлеуетін едәуір кеңейтеді. Әсіресе ет және сүт өнімдерін шетелге шығару жеңілдейді.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…