Categories Қаржы

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шегі жаңартылды

Сурет: Aikyn.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезіндегі ең төменгі жеткілікті шектің параметрлерін жаңартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өзгерістер салымшының жасын, зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңді, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және басқа ұзақ мерзімді факторларды ескеретін дәлірек есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.

Жаңарту салымшылардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға бағытталған. Зейнетақы жинақтары қарапайым депозит немесе күнделікті шығындарға арналған қаржы емес, оның негізгі мақсаты – зейнеткерлік жаста тұрақты табыс қамтамасыз ету.

Министрлік зейнетақы қаражаты ең алдымен болашақ зейнетақы төлемдеріне қызмет етуі керек деген ұстанымды ұстанады. Бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне әсер етуі мүмкін.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй мен емделуге пайдалану мүмкіндігі сақталады. Зейнетақы мөлшері бұрынғы табысының кемінде 40 пайызын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй мен емделу үшін жинақтарының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын азаматтар шоттағы қалған қаражатты толық пайдалану құқығына ие.

Жеткіліктілік шектері соңғы үш жылда қайта қаралмаған. Жаңарту зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге және азаматтардың болашақта қорғалған әрі тұрақты табысқа сенім артуына мүмкіндік береді.

Зейнетақы жинақтары – зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылықтың кепілі. Жаңартылған әдістеме қазақстандықтардың болашақ зейнетақы төлемдерін қорғауға, жинақтардың жеткіліксіз болу тәуекелдерін азайтуға және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне 388 млн теңгеден астам сыйақы берілді

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне 388 миллион теңгеден астам сыйақы төленді. Ақшалай сыйақы спортшылардың алғашқы,…

Қазақстанда шегірткеге қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,1…

Қазақстанда кондитерлік өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды

Қазақстанда 2026 жылғы 1 маусымнан бастап кондитерлік өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба 2027…