Аптап ыстық келе жатыр: 28–30 сәуірдегі ауа райы болжамы

Қазақстанда 28-30 сәуір аралығында ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз күндер күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, аптап ыстық еліміздің басым бөлігінде сезіледі. Түнде ауа температурасы 15-20 градус жылы болады.

«Оңтүстік аймақтарда 28-29 сәуірде жауын-шашын күтілмейді, күн ашық болады», — деді Қазгидромет мамандары.

Батыс Қазақстан облысында да ыстық күндер басталады. Оралда 30 сәуірде температура 28-30 градусқа жетеді.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…