Categories Ақорда

Астанада арнайы оқу-жаттығу өтеді: Индустриялық парк маңында қозғалыс шектеледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін №1 Индустриялық парк аумағында ұйымдастырылады. Оқу-жаттығу кезінде аталған аумақта автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындап, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау сұралады. Жаттығудың негізгі мақсаты – күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын жетілдіру.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…