Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Сурет: Ашық дереккөз

Нью-Йорктегі Статен-Айленд аралындағы кеме жөндеу зауытында жарылыс болып, өрт шықты. Оқиға салдарынан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыс зауыттың бір цехында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті ауыздықтады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің нақты жағдайы анықталып жатыр. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар бар, — деді Нью-Йорк өрт сөндіру департаментінің өкілі.

Тергеу амалдары басталды. Зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Ұқсас жазбалар

17 өңір мен Астанада күн райына байланысты ескерту жарияланды

22 маусымда Қазгидромет 17 облыс пен Астана қаласында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым…

Боздақтар рухына арналған жалпықазақстандық құран бағыштау өтеді

2026 жылғы 22 маусымда Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді еске алу…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми…