Categories Әлем

Астанада Қытай мен Орталық Азия жастарын біріктірген E-LIGHT 2026 фестивалі өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада E-LIGHT 2026 халықаралық жастар форум-фестивалі өтті. Іс-шара Халықаралық диалог күніне орай ұйымдастырылып, Энергетикалық Жібек жолы тақырыбына арналды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Форумға Қазақстан, Қытай, Түрікменстан және Қырғызстаннан энергетика мамандары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, жас инженерлер мен студенттер қатысты. Мақсат – Қытай мен Орталық Азия арасындағы кәсіби және мәдени диалогты нығайтып, жастардың халықаралық ынтымақтастықтағы рөлін арттыру.

Фестивальді CNPC Central Asia Ltd. мен CNPC Kazakhstan бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстандағы Қытай Елшілігі, Қытай Сауда палатасы және Қазақ ұлттық хореография академиясы қолдау көрсетті.

Ашылуда «Жібек жолының энергетикалық іздері» көрмесі өтті. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың даму кезеңдері, инфрақұрылымдық жобалар және цифрлық технологиялардың енгізілуі көрсетілді.

Мәдени бағдарлама аясында «Домбыра Саурденмен кездескенде» музыкалық қойылымы ұсынылды. Онда күйші Ержан Әлімбетов, қытайлық орындаушы Лю Хуэй және басқа өнерпаздар өнер көрсетті.

Салтанатты ашылуда Қазақстандағы Қытай Елшілігінің, CNPC, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» өкілдері сөз сөйледі. Олар энергетикадағы халықаралық серіктестік пен жастардың кәсіби әлеуетін дамытудың маңызын атап өтті.

Форумда бес панельдік сессия өтті. Бірінші сессия «Бір белдеу – бір жол» бастамасының әлеуеті мен жаңа буынның жауапкершілігіне арналды. Екінші сессия «Білім мен тәжірибе бірлігі: жастардың дамуы» тақырыбында кадр даярлау, тәжірибе алмасу және кәсіби өсу мәселелерін қамтыды.

Үшінші сессия ғылыми-техникалық инновацияларға арналды. Цифрландыру, жасанды интеллект және заманауи технологиялардың өндіріс пен энергетикаға әсері талқыланды. Төртінші сессия «Энергетикалық Жібек жолы: жаһандық тұрақтылық» тақырыбында өңірлік ынтымақтастықты тереңдету және энергетиканың тұрақты дамуы мәселелеріне арналды.

Қорытынды сессия «Цифрлық шығармашылық: мәдени бірегейлік» тақырыбында өтті. Онда цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдени мұраны дәріптеу және жастар арасында мәдени сәйкестікті нығайту мәселелері қозғалды.

E-LIGHT 2026 алаңы энергетика, инновация және мәдениет салаларындағы халықаралық ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Фестиваль Қытай мен Орталық Азия жастары арасындағы байланысты нығайтып, жаңа жобаларға жол ашады.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…