Тоқаев: Түркия – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын айтты. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Түркия қазірдің өзінде Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің қатарына кіреді. Екіжақты тауар айналымы жыл сайын өсіп, жаңа жобалар іске асырылуда.

«Біздің әріптестігіміз тек саудамен шектелмейді. Инвестиция, технология, мәдениет және білім салаларында да тығыз байланыс орнаған», – деді Тоқаев.

Президент бұл серіктестіктің аймақтық тұрақтылық пен экономикалық өсуге оң әсер ететінін атап өтті. Алдағы уақытта екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.