Жолдың жыры – еңбектің дауысы: БҚО-да көлік және автожол саласының үздіктері марапатталды

сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігі мен автожол саласы мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді. Мерейлі жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жол саласының ардагерлері мен еңбек үздіктерін құттықтап, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.

– Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшылар жылы» деп жарияланды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, олардың ел дамуына қосқан үлесін мойындаудың айқын көрінісі. Ал көлік және жол саласының мамандары – осы еңбектің алдыңғы шебінде, – деді өңір басшысы.

Соңғы жылдары өңірде жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымы айтарлықтай дамып келеді. Тек 2023–2024 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1000 шақырымнан астам жол жөнделді.

Биылдың өзінде жоспарланған 485 шақырым жолдың 379 шақырымы толық жөнделіп, өңірдің басты бағыттарында — «Чапай–Жаңғала–Сайхын», «Орал–Федоров–Ресей шекарасы» және «Орал–Тасқала» жолдарында құрылыс қарқыны бәсеңдемей тұр. Сондай-ақ «Хан Ордасы» музей-қорығына апаратын жол да жаңартылып жатыр.

Мерекелік шарада сала ардагерлері мен үздік мамандарға облыс әкімінің алғыс хаттары мен марапаттары табыс етілді.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты.

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады. Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң елде мерзімінен бұрын…

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне 66 пәтер берілді

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан отандық медиа өкілдеріне жаңа пәтер кілттері…