Categories Әлем

Иорданиялық блогер Каспий жағалауындағы құтқарушылар жұмысына тәнті болды

Сурет: 112 kz

Иорданиялық танымал блогер Юсеф Хаттаб Каспий теңізі жағалауында ТЖМ құтқару қызметінің жұмысымен танысып, мамандардың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол құтқарушылардың күнделікті қызметі мен төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарының маңызын ерекше атап өтті. Сапар барысында блогер Каспий теңізінің табиғатына тәнті болғанын жасырмады.

«Бұл менің өмірімде көрген ең әдемі теңіздердің бірі. Мұнда өте әдемі, ал айналамыздағы адамдар керемет. Мені жақсы қарсы алды, көп рахмет!», деді ол.

Юсеф Хаттаб демалушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді. Оның айтуынша, тек құтқарушылар кезекшілік ететін арнайы аймақтарда ғана шомылу қажет. Сондай-ақ ол белгіленген аумақтан шықпауға, тыйым салынған жерлерге кірмеуге және қауіпсіздік талаптарын бұзбауға шақырды.

«Құтқарушылар тәулік бойы, аптасына 7 күн қызмет етеді және әрдайым көмек көрсетуге дайын», деді блогер.

Ол Қазақстанға келушілерді табиғатты тамашалаумен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…