Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде

Сурет:Орал қ әкімдігі

Орал қаласы маңындағы Жайық өзені бойында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін бұл нысандардың құрылыс барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ардагерлер кеңесі өкілдері, қала әкімімен арнайы барып қадағалады.

Өңір басшысы алдымен Орал қаласы, Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық–Көшім суару-суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын қадағалады. Бұл құрылым облыстың 5 ауданын сумен қамтамасыз ететін маңызды гидронысан болғандықтан, Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінің бөгетсіз су алу аймағында өзен жағасын шайып кетудің алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында қолға алынды. Жоба аясында ұзындығы

1,928 км болатын жағалау бөлігі бекітіледі.

Жобаны 2026 жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарланған.

Одан кейін облыс әкімі Орал қаласы, Жайық өзені жағалауын Чичерная көшесінен Шамсудинова көшесіне дейін бекіту жұмыстары және Жайық өзені Шамсудинова көшесінен кемежайға дейін жағалауды бекіту жұмыстарын қадағалады. Жайықтың дәл іргесінде орналасқан аумақтар тұрғын үй көп және су тасқыны қаупі жоғары аймақ саналады. Осы қауіптің алдын алу мақсатында биыл жаз бойы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобалар өзен арнасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, 300-ден астам тұрғын үйді ықтимал апаттардан қорғау мақсатында қарастырылған.

Жағалауды бетонмен бекітіп қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың жағада қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруіне жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, аталған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанада балалар ауруханасы өртенді: 70 науқас шұғыл көшірілді

Астанада балалар ауруханасының жертөлесінде өрт шығып, 70 науқас шұғыл эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбайдың мәйіті көлшіктен табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбайдың мәйіті Космос ауылы маңындағы көлшіктен табылды. Құтқарушылар денеде зорлық-зомбылық белгілерін…

Манилада мыңнан астам үй өртке оранды: жүздеген отбасы баспанасыз қалды

Филиппин астанасы Маниладағы кедей аудандардың бірінде шыққан өрт мыңнан астам ғимаратты жойып, жүздеген отбасын баспанасыз…