Categories Көңіл ашар

Ұшақта домбыра алып жүруге рұқсат: Көлік министрлігі жаңа ереже бекітті

Енді ұшақ салонында домбыраны алып жүруге заңды түрде рұқсат етілді. Көлік министрлігі әуе тасымалы қағидаларына өзгеріс енгізіп, ұлттық аспапты қол жүгі ретінде тасымалдауға жол ашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын домбыраны ұшаққа тек багаж ретінде өткізетін. Енді оны салонға алып кіруге болады. Министрліктің бұйрығымен «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына» тиісті түзетулер енгізілді.

Ведомство мәліметінше, жаңа ереже домбыраны қорғауға арналған арнайы қаптамада болса, салонға алып кіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аспаптың көлемі қол жүгіне қойылатын талаптарға сай болуы керек.

«Бұл шешім ұлттық мәдениетті қолдау мақсатында қабылданды. Енді домбырашылар өз аспаптарын қасынан тастамай, әуе сапарларына шыға алады», — деді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзгерістердің нақты күшіне енетін күні әлі жарияланған жоқ. Министрлік алдағы уақытта толық түсіндірме жасайтынын айтты.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандағы 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталған – Балаева

Аида Балаева Халықаралық музей күнінде еліміздегі 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталатынын мәлімдеді.

17 секундта жеңіп, 1 миллиардтан астам теңге алды: файтердің рекордтық жекпе-жегі

Лос-Анджелесте өткен шоуда файтер 17 секундта жеңіп, 1 миллиард теңгеден астам гонорар алды. Бұл оның…

PGL Astana 2026: 16 мың адам аренада, 500 мың онлайн көрді

PGL Astana 2026 турнирін 16 мың адам аренада, 500 мың адам онлайн көрді. Жартылай финалға…