Алматыда «Перзент» қайырымдылық балалар үйі өртке оранды

Алматыда «Перзент» қайырымдылық балалар үйі өртке оранды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз тілшісі.

Алматының Наурызбай ауданындағы «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау асханадан басталған.

Мекеме басшылығы өрт кезінде ғимаратта адамдар болмағанын мәлімдеді. Балалар дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.

Айта кетсек, «Перзент» балалар үйі бірнеше жетім баланы бауырына басқан Әмина Қажы Әжібаева апаға тиесілі.

Сурет: Алматы қ ТЖД

Ұқсас жазбалар

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп жерінде ауа райы тұрақсыз болады.

Елімізде жүргізушілерді даярлайтын ұйымдарды бақылау күшейеді

Мемлекет басшысы цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша…

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі

«Қазгидромет» 25 маусымға ауа райы болжамын жариялады: көптеген өңірде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.