Categories Көңіл ашар

Астанада Ресей өнерпаздары гала-концерт берді: мәдениет күндері басталды

Астанада Қазақстандағы Ресей мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Шара аясында ресейлік өнерпаздардың гала-концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, концертке Ресейдің танымал әншілері мен би ұжымдары қатысты. Олар қазақстандық көрерменге орыс халық әндері мен заманауи эстрадалық шығармаларды ұсынды.

«Бұл – екі ел арасындағы достықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара. Мәдениет күндері аясында тағы бірнеше кездесулер мен көрмелер жоспарланған», – деді министрлік өкілі.

Ресей мәдениет күндері бір аптаға созылады. Оған театр қойылымдары, кітап көрмесі және шеберлік сабақтары кіреді.

Ұқсас жазбалар

Sadraddin «ZEIIN» альбомын Almaty Arena-да ерекше форматта таныстырды

22 мамырда Almaty Arena-да Sadraddin-нің «ZEIIN» альбомының тұсаукесері өтті. Шара Яндекс Музыка қолдауымен ұйымдастырылды.

Намангандағы гүлдер фестивалі Гиннестің рекордтар кітабына енді

Өзбекстанның Наманган қаласында өткен гүлдер фестивалі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

1 млн доллар жүлде қоры: Астанада AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды

Астанада өтетін Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды. Жүлде қоры 1…