Categories Спорт

Жазғы Универсиада: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Фото: ҰОК

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті.

Дүниежүзілік додада дзюдодан қола үшін белдесуде Аман Бақытжан (60 келі) сынға түсіп, грузиялық балуан Лука Модебадзені жеңді.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев (66 келі) украиналық Микита Холобородконы қапы қалдырып, үздік үштіктен көрінді.

Ал еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

Ұқсас жазбалар

Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының А тобындағы екінші турда Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы…

Назым Қызайбай әлем Кубогының екінші кезеңінде есесін қайтарды

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлем Кубогының екінші кезеңінде ширек финалда поляк боксшысын жеңіп,…

ӘЧ-2026: 18 маусымда екінші турдың алғашқы ойындары өтеді

18 маусымнан 19 маусымға қараған түні футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур басталады.