2025 жылдан бастап балалы отбасыларға төлемдер ұлғайды: жаңа мөлшерлер белгілі

Сурет: istockphoto.com

2025 жылдан бастап Қазақстанда балалы отбасыларға арналған әлеуметтік төлемдер едәуір өсті. Бұл – Президенттің тапсырмасымен енгізілген көпдеңгейлі қолдау жүйесінің бір бөлігі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Енді бала күтімі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері айтарлықтай көтерілді. Мәселен, бірінші балаға берілетін жәрдемақы 5,76 АЕК (21 262 теңге) болса, екінші балаға – 6,81 АЕК (25 131 теңге), үшінші және одан кейінгі балаларға – 7,85 АЕК (28 972 теңге) құрайды.

«Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдауды күшейтуге және балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Мемлекет ана мен баланы қорғауға ерекше мән береді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша бала күтіміне байланысты табысынан айырылған ата-аналарға төленетін өтемақы мөлшері де артты. Бұл төлемдер енді ең төменгі жалақының 40 пайызынан кем болмайды.

Жаңа төлем мөлшерлері биылғы жылдың басынан бастап күшіне енді. Ата-аналарға қайта өтініш берудің қажеті жоқ – есептеу автоматты түрде жүргізіледі.

Ұқсас жазбалар

Амнистияға кәмелетке толмаған балалары бар 200-ден астам ана мен жүкті әйелдер ілігуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған амнистия заңының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Қазақстанда 13-15 маусымда ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда 13-15 маусым аралығында ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі, кей аймақтарда жаңбыр мен найзағай…

Meta сервистері істен шықты: пайдаланушылар жаппай шағымдануда

Facebook, Instagram, WhatsApp және Messenger пайдаланушылары әлем бойынша сервистердің жұмысындағы ақауларға шағымдануда.