113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді

113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2024 жылы 104 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттар қарастырылған. «Серпін» бағдарламасы бойынша – 2 412 грант. Гранттар тізімінде Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған 2 500 мақсатты білім беру гранты бар.
Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады.

Ұқсас жазбалар

8 мамырда ауа райы қандай?: Қазақстанның көп жерінде жаңбыр күтіледі

8 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады. Синоптиктер найзағай мен екпінді желді де болжап отыр.

Найзағай ойнап, дауыл соғады: Қазақстанда ауа райы қауіпті болжамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, күшті жел мен өрт қаупі сақталады. Синоптиктер бүгінге дауылды ескерту…

Шахтинскіде жарылыс: тұрғындарды құтқарған бес полицей марапат алды

Шахтинскіде газ баллоны жарылғанда тұрғындарды құтқарған бес полицей марапат алды. Олар ерлік көрсетіп, бірнеше адамды…