Categories Жайық news

Ақтөбелік зергер клиенттерін 12 миллион теңгеге алдап кеткен

Ақтөбеде жөндеуге алған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп келген зергер ұсталды. Ол кемінде 20 адамды алдап, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, қалалық полицияға Орталық базар маңындағы шеберханада жұмыс істеген зергердің үстінен бірнеше тұрғын шағымданған.

Тергеу анықтағандай, ол клиенттерден алтын әшекейлерді «жөндеп беремін» немесе «жаңасын соғып беремін» деген сылтаумен алған. Алайда аманатқа тапсырылған бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қажетіне жаратып отырған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның 20-дан астам алаяқтық дерегіне қатысы барын дәлелдеді. Шығынның жалпы көлемі 12 миллион теңгеден асады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…