Categories Әлем

Бішкекте жалған доллар таратқан екі қазақстандық сотталды

Қырғызстан астанасы Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сот үкімімен жазасын алды. Олар жергілікті тұрғындарды қылмыстық схемаға тартып, қолдан жасалған шетел валютасын таратқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, Қазақстан азаматтары Е. мен Ж. 2023 жылдың желтоқсанында Бішкекте төрт қырғыз азаматын өздеріне қосып, жалған долларды айналымға шығарған. Олардың әрекеті Қырғызстанның қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сараланды.

Сот отырысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Оларға 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотталғандардың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екендігі айтылуда. Алайда бұл мәселе әлі нақты шешілмеген.

Ұқсас жазбалар

157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН

Калтаева более 20 лет занимается вопросами инклюзии и защиты прав людей с инвалидностью в Казахстане.…

Қазақстан іздеу жариялаған 80 адам шетелде анықталды

Ішкі істер министрлігі шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүрген адамдарды табу және…

Астанада III архившілер конгресі басталды

Астанада «Digital Archive EXPO» III архившілер конгресі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын жиынға әлемнің 30…