«Қызметкерді қорқытқан» видео: Қорғаныс министрлігі тексеріс бастады

Әлеуметтік желіде бірнеше әскери қызметкер қатысқан онлайн-жиналыстың бейнежазбасы тарады. Видео авторларының айтуынша, оқиға Қызылорда облысындағы әскери бөлімде болған.

Кадрларда бөлім басшысы қол астындағы қызметкерге қатты дауыс көтеріп, қорқытып сөйлегені байқалады. Көпшілік бұл әрекетті этикалық нормаларға қайшы деп бағалаған.

Қорғаныс министрлігі жағдайдың шындыққа сай екенін растады.

 “Бұл факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Оның нәтижесінде тиісті құқықтық баға беріледі,” — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Министрлік әскери ортадағы тәртіп пен этикалық талаптардың бұзылуына жол берілмейтінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда өндірістегі жарақат саны 5 жылда азайды: 200-ге жуық адам қаза табады

Қазақстанда соңғы бес жылда өндірісте жарақат алғандар саны азайған. Бірақ жыл сайын мыңнан астам жазатайым…

Тоқаев пен Израиль президенті Alem.ai орталығында: ЖИ саласындағы ынтымақтастық

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог Alem.ai орталығына барып, жасанды интеллект саласындағы жобалармен танысты.

23 жастағы австралиялық ChatGPT көмегімен 60 жылдық ғылыми жұмбақтың шешімін тапты

23 жастағы австралиялық Лиам Прайс ChatGPT көмегімен 60 жыл бойы шешілмей келген ғылыми есептің жауабын…