Categories Жайық news

Қазақстанда пойыз билеттері 25% арзандады: қай бағыттарға жеңілдік бар?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ еліміздегі үш бағыт бойынша пойыз билеттеріне 25% қысқы жеңілдік жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Компанияның мәліметінше, бұл жеңілдік дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жолға шығатын пойыздарға ғана қолданылады.

Жеңілдік қарастырылған бағыттар тізімі:

  • №11/12 «Тальго» Алматы – Шымкент бағыты (турист «2Д» орындарына);
  • №65/66 «Тальго» Астана – Қызылорда бағыты (жоғарғы орындарға);
  • №105/106 «Тальго» Алматы – Петропавл бағыты (жоғарғы орындарға).

Бұл акцияның қанша уақытқа созылатыны әзірге нақтыланбаған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…