Categories Жайық news

Жаңа Конституция: Тоқаев Үкімет пен Парламентке шұғыл тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияны іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Президент заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын атап өтіп, нақты міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кеңеске Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Президенттің көмекшісі Ержан Жиенбаев және Әділет министрі Азамат Есқараев қатысты.

Президент өзінің «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл құжат алдағы жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен билік институттарының қызметін реттейтін заңдарды жаңа Конституция талаптарына сай келтіру қажеттігіне назар аударды.

Жалпы, алты конституциялық заң және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үш заң қабылдануы керек. Мемлекет басшысы бұл заңдарды Парламенттің осы сессиясы аяқталғанға дейін қабылдаудың маңыздылығын ескертті.

«Заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдау қажет. Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді де кешіктірмей түзетуі тиіс», – деп тапсырды Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…