Қаңғыбас иттерден зардап шеккендер көбейді: Президент не деді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында жануарларға қамқорлық жасау мәселесін көтерді. Ол қаңғыбас иттерден балалар мен ересектердің жиі зардап шегіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу үшін жануарлардың иесіз көбейіп кетуіне жол бермеу керектігін жеткізді. Оның айтуынша, әрбір иттің иесі болуы тиіс, ал қаңғыбас жануарлардың санын азайту – басты міндет.

«Біз жануарларға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент жергілікті әкімдіктерге қаңғыбас иттерді уақытша ұстау орталықтарын көбейтуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін арнайы комиссия құрылады.

Қазақстанда қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны жыл сайын артып келеді. Мамандар бұл мәселені шешу үшін жануарларды стерилизациялау және жауапкершілікті күшейту қажет деп санайды.

Ұқсас жазбалар

Алматы тауларында жарақат алған 18 жастағы турист қыз құтқарылды

Үлкен Алматы көлі маңында 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз аяғын жарақаттап, құтқарушылар көмек…

Шри-Ланка түрмесіндегі қақтығыстан 25 адам қаза тапты

Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат…

Алматыда күдікті ер адам ұсталып, полицияға тапсырылды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…