Categories Жайық news

Бокстан ұлттық құрама: Екі дүркін әлем чемпионын дайындаған маман келді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты. Бұл қызметке екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ұлттық құрама тізгінін ұстаған Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен босатылды. Ол 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман еді.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы халықаралық турнирлерде көптеген жеңіске жетіп, әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алды. Отандық бокс қауымдастығы атынан Қайрат Тұрсынханұлына алғысымызды білдіреміз!» – делінген ресми хабарламада.

50 жастағы Нұржан Насанов бапкерлік мансабын 2016 жылы бастаған. Ол – екі дүркін әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайды дайындаған маман.

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…