Categories Қоғам

ҰБТ жетпейді: болашақ мұғалімдерге қосымша емтихан енгізіледі

Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі енді жеткіліксіз болады. Абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуі керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында қабылданды. Енді педмамандықтарға түсетін талапкерлер тек ҰБТ-мен шектелмей, арнайы қосымша емтихан тапсырады.

«Біз сапалы білім беру үшін мұғалімдердің біліктілігі маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан іріктеуді қатаңдатуды жөн көрдік», — деді Білім министрлігінің өкілі.

Жаңа ереже 2025 жылғы қабылдау науқанынан бастап қолданысқа енеді. Педагогикалық ЖОО-лар өздерінің ішкі емтихан бағдарламасын бекітіп жатыр.

Ұқсас жазбалар

100 мың түлек бір күнде елімізді көгалдандырды: «Таза Қазақстан» акциясы қалай өтті?

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мыңнан астам түлек бір күнде ағаш егіп, елімізді көгалдандыруға атсалысты.

Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде алды

Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы VI Азия жағажай ойындарында қола жүлдеге ие болды. Шешуші матчта…

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвадағы білім бәйгесінде топ жарды

Қазақстандық оқушылар Литвада өткен халықаралық білім бәйгесінде 19 елдің ішінен дара шығып, топ жарды.