Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтап, оларға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруда және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері сындарлы жұмыс істеуі қажет», – делінген Президент үндеуінде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына терең тоқталып, оның негізі жауапкершілік пен жасампаздықта жатқанын жеткізді.

«Заңды құрметтеу арқылы егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғау – ұлты мен дініне қарамастан, әрбір отандасымыздың қасиетті міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді: қозғалыс уақытша шектеледі

21 маусымда Астанада ведомствоаралық кешенді арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді. Оның мақсаты – күзетілетін нысандардың қауіпсіздігін…

Қазақстанда шілдеде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі

«Қазгидромет» мамандары шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, биылғы шілде еліміздің көптеген…

Астанада арнайы оқу-жаттығу өтеді: Индустриялық парк маңында қозғалыс шектеледі

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.