Categories Жайық news

Тоқаев жазда Парламент сайлауы өтетінін жариялады: «Бұл жастардың парламенті болуы қажет»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жазда кезектен тыс Парламент сайлауы өтетінін мәлімдеп, сондай-ақ 15 наурызды Конституция күні деп белгілеу туралы шешімді жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталып, оны бүкіл ел болып атқару керектігін атап өтті. Оның айтуынша, жаңадан жасақталатын парламентте жастардың үлесі басым болуы тиіс.

«Сайлауды бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, президент елімізде жаңа мерекелік күннің бекітілгенін хабарлады. Бұдан былай 15 наурыз – Конституция күні ретінде аталып өтеді. Тоқаев Қазақстанның Ата заңын әлемдегі ең үздік конституциялардың бірі деп бағалады.

«Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Миллиардтаған теңге жымқырылған: Президентке қаржы пирамидалары мен субсидиялар туралы есеп берілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президентке елдегі миллиардтаған теңгенің жымқырылуы туралы есеп берді.

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі…

OPEC+ Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасын арттырды: бұл қандай мүмкіндік береді?

OPEC+ елдері Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасын арттыруға келісті. Алайда инфрақұрылымдағы мәселелер өндірісті ұлғайтуға кедергі…