Categories Ақорда

Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» форумына қатысты

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың Далянь қаласында өтіп жатқан «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы форум аясында Моңғолия мен Бангладеш премьер-министрлерімен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті және бас директорымен екіжақты кездесулер өткізді. Форумға мемлекеттер басшылары, ірі компаниялар мен сарапшылар қатысты. Күн тәртібіне технологиялық трансформация, инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру, жасанды интеллект және экономикалық өсудің жаңа драйверлері енгізілген.

Моңғолия Премьер-министрі Ням-Осорын Учралмен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы, тау-кен металлургиясы, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыштық технологиялар салаларындағы әріптестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың сәуір айындағы Қазақстанға мемлекеттік сапары қорытындысы бойынша уағдаластықтардың орындалу барысы және өзара сауда көлемін 500 млн долларға жеткізу шаралары қаралды. Кездесу қорытындысында екі премьер экономиканың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Бангладеш Премьер-министрі Тарик Рахманмен кездесуде сауда, инвестиция, көлік-логистика және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар елдің орнықты экономикалық өсуіне, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасап отырғанын атап өтті.

World Economic Forum президенті және бас директоры Алоис Цвингимен кездесуде цифрлық трансформация, жасанды интеллект, инвестициялар тарту және адами капиталды дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Олжас Бектенов Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форуммен жүйелі сараптамалық әріптестікке көшуге мүдделі екенін және «Бәйтерек» инвестициялық холдингі арқылы ынтымақтастық жасауға дайын екенін жеткізді.

Форум аясында Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен де кездескені айтылды.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов су тасқыны қаупіне қарсы қызметтердің дайын болуын талап етті

Премьер-министр Олжас Бектенов гидрологиялық жағдай бойынша кеңес өткізіп, су тасқыны қаупіне қарсы барлық қызметтің дайын…

Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы технологиялық жабдықтар мен білім беру жағдайларымен…

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.