Categories Жайық news

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды  

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы —  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргізеді және мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:

1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;

3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;

4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгімен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-дан астам азамат иеленген болатын.

Конкурсқа қатысуға құжаттар  2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа)  мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа)  premiya.daryn@mki.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

 

Ұқсас жазбалар

Шыңғырлау және Бөрлі аудандары жастарының жолдастық кездесуі өтті

«Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан игі бастамалардың жарқын көрінісі ретінде Шыңғырлау және Бөрлі…

Бірегей цех жұмысын бастады  

«QazExpoCentre-Pipe» ЖШС-да мұнай мен газ өндіру ісінде таптырмайтын бөлшек – сорапты-компрессорлық муфталар шығаратын жаңа өндірістік…

Тоқаев «оқитын ұлт» қалыптастыру туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, "оқитын ұлт" қалыптастыру туралы жаңа жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.