Мектептерге жасанды интеллект келеді: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарлық бойынша 2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жоба аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады. Атап айтқанда, тұрақты және жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету, заманауи компьютерлік техника орнату жоспарланған.

Бұл шаралар жасанды интеллект негізіндегі оқыту жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Жоба алдымен бірнеше өңірде сынақтан өтеді, содан кейін бүкіл елге таратылады деп күтілуде.

Мемлекет басшысы білім саласын цифрландыруды басым бағыттардың бірі деп атады. Оның айтуынша, жасанды интеллект оқушылардың білім сапасын арттырып, мұғалімдердің жүктемесін азайтады.

Әзірге жобаға қанша қаражат бөлінетіні және қандай мектептер қамтылатыны туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ мамандар бұл бастаманы отандық білім беру жүйесіндегі төңкеріс деп бағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…

Аптап ыстықта көлікті өрттен қалай қорғауға болады?

Астанадағы Орхон көшесінде жеңіл көлік өртеніп, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары…