Аптап ыстықта көлікті өрттен қалай қорғауға болады?

Сурет: pixabay.com

Астанадағы Орхон көшесінде жеңіл көлік өртеніп, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толық сөндіріп, зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар көлік иелеріне аптап ыстық күндері өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді. Жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуі көліктің техникалық жағдайына әсер етіп қана қоймай, өрт шығу қаупін де арттырады.

Мамандардың айтуынша, аптап ыстықта көлікті ұзақ уақыт күн астында қалдыру салон ішіндегі температураны бірнеше есе көтереді. Бұл электр жүйесінің қызып кетуіне, жанғыш сұйықтықтардың булануына және түрлі ақаулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Егер көліктен түтін шығып немесе өрт белгілері байқалса, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, адамдарды алыстатып, бірден 112 нөміріне хабарлау қажет. Уақытылы әрекет ету адам өмірін сақтап, ірі материалдық шығынның алдын алуға көмектеседі.

Ұқсас жазбалар

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Мемлекет басшысы Алжир Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

5 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

«Қазгидромет» 5 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстік және шығыс…