Categories Саясат

Тәшиевтің қорғаушылары құпия куәгерлердің айғақтарына қатысты сотқа қарсылық білдірді

Сурет: Ашық дереккөз

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында «75 хат» ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бұл іс қырғыз қоғамында үлкен резонанс тудырған. Фигуранттардың бірі – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тәшиевтің қорғаушысы Икрамидин Айтқұловтың айтуынша, сот қорғаушыларға үш құпия куәгердің жауап алу хаттамаларымен танысуға рұқсат бермеген. Осыған байланысты адвокаттар судьяға қарсылық білдірді.

Жәбірленуші тараптың мәліметінше, қылмыстық іс материалдарында үш жасырын куәгердің айғақтары бар. Бірақ бұл құжаттар бұған дейін адвокаттарға ұсынылмаған. Қорғаушылар заң бойынша куәгердің жеке басына қатысты мәліметтер ғана құпия сақталуы керек, ал айғақтардың мазмұны процеске қатысушыларға қолжетімді болуы тиіс екенін алға тартып отыр.

Сот отырысына куәгер ретінде Бішкектің бұрынғы мэрі Иса Өмірқұлов пен Қырғызстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ибрагим Жүнісов шақырылды. Екеуі де басшылық қызметте болған кезінде «75 хат» деп аталатын құжатқа қол қойған.

Ұқсас жазбалар

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды…

Қазақстан аятолла Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған…

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Қоғамдық келісімді нығайту және конституциялық реформаларды ілгерілету бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында үкіметтік емес…