Categories Саясат

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Онда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Air Products – газ индустриясының халықаралық көшбасшысы, ол әлемнің 50-ден астам елінде жұмыс жүргізеді.

Кездесу барысында газ химиясы, көмір химиясы, сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ отандық металлургия өндірістерінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Олжас Бектенов Қазақстан жаңа сапа экономикасына дәйекті түрде көшіп келе жатқанын, мұнда негізгі басымдықтар технологиялық жаңғырту, технологиялар трансфері және заманауи өндірістер құру болып отырғанын атап өтті.

«Біз жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікке үлкен мән береміз және озық технологияларды дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз. Қазақстан айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие және жаңа индустриялық салаларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Air Products компаниясының Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болс Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге және экономиканың басым секторларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасына Air Products компаниясымен келешегі зор бірлескен жобалардың нақты пысықталуын жандандыруды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында саяси партия…

Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерге қолдау…

Инициатива Президента «Таза Қазақстан» реализуется как ключевой принцип, заложенный в Конституции — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан.…