Categories Жайық news

Трамп Жоғарғы сотқа қарсы шықты: «Олар ондаған жыл АҚШ-ты тонады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Жоғарғы соттың шешімінен кейін бір тәулік өткен соң, әлем елдері үшін импорттық баж салығын 10%-дан 15%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дональд Трамп бұл шешімін өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.

«Кеше АҚШ Жоғарғы соты бірнеше ай ойланып, ақыры абсурд, сауатсыз әрі Америкаға қарсы шешім шығарды. Мен, Америка Құрама Штаттарының президенті, осыған байланысты әлемдік тарифті 10%-дан 15%-ға дейін дереу көтеретінімді растаймын. Онжылдықтар бойы АҚШ-ты жазасыз тонап келген (менің басқаруыма дейін!) көптеген елге қатысты бұл шешім толық заңды. Алдағы айларда Трамп әкімшілігі „Американы қайтадан ұлы етейік“ атты сәтті бағдарламамызды жалғастыратын жаңа, заңды тарифтерді енгізеді. БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАНДАЙ ҰЛЫ ЕТЕМІЗ!!!» — деп жазды АҚШ президенті.

Бұған дейін АҚШ-тың Жоғарғы соты президент әкімшілігінің халықаралық төтенше жағдайлар кезіндегі экономикалық өкілеттіктер туралы заңды сылтауратып, басқа елдерге қарсы импорттық баж салығын енгізуін «өз өкілеттігін асыра пайдалану» деп таныған болатын. Алайда сот инстанциясы бұған дейін төленген салықтардың қайтарылуы керек пе, жоқ па, оны нақтыламады.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…