Categories Жайық news

Дубайдағы қанды төбелес: Өзбекстанның алты азаматы өлім жазасына кесілді

Дубайда Өзбекстанның алты азаматы өлім жазасына кесілді, ал тағы біреуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаппай төбелес өткен жылдың сәуір айында болғанымен, сот үкімі енді ғана шығарылып отыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, топтар арасындағы жанжал ескі келіспеушіліктерден туындаған. Салдарынан бір адам пышақ жарақатынан қаза тапса, комада жатқан екінші өзбекстандық кейін көз жұмған. Бұған дейін 10-нан астам күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын.

«Марқұмдардың бірі қызыл Mercedes көлігінен дөңгелегін тексеру үшін шыққанда, оған бір топ ер адам шабуылдаған. Екіншісі қашып үлгермек болған, бірақ оны көп ұзамай басқа топ ұстап алған», – деп жазады басылымдар.

Дубайдың құқық қорғау органдары төбелестің жеке бас араздығынан болғанын растады, ал ұсталғандар өз қатысын мойындаған. Сондай-ақ төбелеске қатысушылардың бір-бірін бұрыннан танитыны белгілі болды.

Өз кезегінде Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі бұл үкіммен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

«Бұл процесс жылдарға созылуы мүмкін», – деп ескертті ведомство.

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…