Categories Ақорда

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Сурет: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық штаб) алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Инновациялық штаб Премьер-министрдің тапсырмасымен құрылған. Оның басты мақсаты – инновациялық қызметте ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және елдің технологиялық басымдықтарын анықтау.

Отырыста Қазақстанда инновацияларды дамытудың тұжырымдамалық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру, өңірлік инновациялық жүйелерді дамыту және кадрлық әлеуетті күшейту шаралары талқыланды.

Нәтижесінде инновациялық белсенділікті арттыруға, Қазақстанның Жаһандық инновациялар индексіндегі орнын нығайтуға, жаңа салаларды дамытуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін басқарылатын инновациялық жүйе қалыптастыру көзделіп отыр.

Жаңа модельдің негізгі идеологиясы – «Инновацияны ғылым арқылы дамыту» тәсілінен «Ғылымды инновация арқылы дамыту» қағидатына көшу. Бұл дайын озық технологияларды игеріп, ел жағдайына бейімдеу және осы негізде отандық ғылымды дамытуды білдіреді. Яғни мемлекет процеске емес, нақты нәтижеге қаржы бағыттайды.

Жиын қорытындысы бойынша Инновацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мақұлданып, мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және бизнес-сектор өкілдеріне құжат жобасына нақты ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ барлық өңірде мүдделі тараптардың қатысуымен ғылыми-технологиялық сессиялар өткізу кестесін бекіту тапсырылды. Бұл сессиялар бизнестің нақты технологиялық сұранысын анықтауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…