Categories Спорт

«Реал» Алабамен қоштасты: 32 жастағы қорғаушы клубтан кетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мадридтің «Реалы» тәжірибелі қорғаушы Давид Алабамен қош айтысты. Клуб бұл туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

32 жастағы аустриялық футболшы «Реалға» 2021 жылы «Бавариядан» ауысқан еді. Мадридтік клуб сапында ол екі маусым өткізіп, жалпы 50-ден астам кездесуге қатысты.

Алаба «Реал» сапында жүріп, бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде Испания чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Клуб басшылығы қорғаушыға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, болашақ мансабына сәттілік тіледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.

Головкиннің World Boxing басшысы болуы – үлкен жетістік, дейді министр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкинді Қазақстанның бренді деп атады.