Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысып, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери шеруге қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы шеру аяқталған соң Александр бағына барып, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қойды. Бұл – соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алудың символы.

Президент бейіт жанындағы Мәңгілік алауға да гүл қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсімге Ресей президенті Владимир Путин де қатысты.

Ұқсас жазбалар

Брюссельдегі дөңгелек үстел: Қазақстан жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды

Брюссельде ЕО мүше мемлекеттердің іскерлік орта өкілдері қатысқан «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі өтті. Қасым-Жомарт…

Президент: Бельгия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі…

Астанаға бағыт алған Red Wings ұшағы Екатеринбургке кері қайтты

Екатеринбургтен Астанаға ұшқан Red Wings әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақау салдарынан кері қайтты.