Categories Жайық news

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді. Бұл қолдау қызметтік міндетті жедел әрі сапалы атқаруға мүмкіндік береді. Салтанатты жиынға қатысқан аймақ басшысы Нариман Төреғалиев сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады. Облыс әкімі Президент тапсырмасы өңірде жүйелі орындалып жатқанын атап өтті.

— Кейінгі 3 жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 15 млрд теңгеден астам қаржыға 1 мыңға жуық арнайы техника сатып алынса, соның 331-і тәртіп сақшыларына табысталды. Былтырдың өзінде облыстық бюджет комиссиясының шешімімен 935 млн теңге бөлініп, 66 автокөлік сатып алынды. Көрсетілген қолдау мен нақты істер «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге, полицияның беделін арттыруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған, — деді аймақ басшысы.

Нариман Төреғалиев қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктелетінін айтып, нақты қолдау саланың әлеуетін арттыра түсетініне сенім білдірді.

Салтанатты жиында бір топ полиция қызметкеріне мерзімінен бұрын шендер беріліп, ҚР Ішкі істер министрі, облыс әкімі және департамент бастығының атынан марапаттар табысталды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды

Астанадағы Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды. 2025 жылы 52 аула абаттандырылып,…

Обсуждены вопросы инвестирования в сферу науки 

В ЗКАТУ имени Жангир хана состоялся научно-технологический семинар «Технологии. Инвестиции. Партнерство: новые точки роста экономики»…