Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 15 пайызға өсті. Бұл – елдегі «жасыл» энергетиканың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылға арналған болжам бойынша, ЖЭК өндірісі 8,8 миллиард кВт·сағатқа жетеді. Бұл көрсеткіш елдің энергетикалық балансындағы экологиялық таза көздердің маңызын арттырады.
Мамандардың айтуынша, бұл өсім негізінен күн және жел электр станцияларының кеңеюіне байланысты. Қазақстан 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін 30%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

