Categories Әлем

Бішкекте жалған доллар таратқан екі қазақстандық сотталды

Қырғызстан астанасы Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сот үкімімен жазасын алды. Олар жергілікті тұрғындарды қылмыстық схемаға тартып, қолдан жасалған шетел валютасын таратқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, Қазақстан азаматтары Е. мен Ж. 2023 жылдың желтоқсанында Бішкекте төрт қырғыз азаматын өздеріне қосып, жалған долларды айналымға шығарған. Олардың әрекеті Қырғызстанның қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сараланды.

Сот отырысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Оларға 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотталғандардың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екендігі айтылуда. Алайда бұл мәселе әлі нақты шешілмеген.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-тың бір штатында Facebook, Instagram және WhatsApp жабылуы мүмкін

Нью-Йорк штаты Meta компаниясына тиесілі әлеуметтік желілерді балалардың психикалық денсаулығына қауіп төндіреді деп айыптап, оларды…

Ұлыбритания королі АҚШ-қа барды: Трампты «КОРОЛЬ» деп атады

Ұлыбритания королі Чарльз бен патшайым Камилла АҚШ-қа мемлекеттік сапармен келді. Дональд Трамп корольді «КОРОЛЬ» деп…

Трамптың Германиядан әскер шығаруы: Еуропа неге алаңдап отыр?

Трамптың Германиядан америкалық әскерді шығару туралы мәлімдемесі Еуропада алаңдаушылық тудырды. Бұл шешім НАТО-ның болашағына күмән…