Categories Қаржы

Жасанды интеллект кәсіп ашуға ең тиімді жерді өзі таңдап береді

Қазақстанда бизнес ашуды жеңілдететін жаңа AI-көмекші әзірленіп жатыр. Бұл жүйе кәсіпкерге ең тиімді орынды таңдап береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жаңа жобаны таныстырды. Оның айтуынша, AI-көмекші жергілікті нарықты, халық тығыздығын және бәсекелестікті талдап, бизнес үшін қолайлы мекенжайды ұсынады.

«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу. Енді оларға орын іздеп әуреленудің қажеті жоқ, жасанды интеллект барлық есепті өзі жүргізеді», – деді министр.

Жоба қазір пилоттық режимде іске қосылған. Алдағы уақытта AI-көмекшінің функционалын кеңейтіп, оны барлық өңірге енгізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Телефонды тіркеу ережесі өзгереді: жаңа талаптар қандай?

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережесі өзгереді: процесс мемлекеттік компанияға беріледі. Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралуда.

«Болашақ» стипендиясы 15 жылдан кейін алғаш рет өсуі мүмкін: 10-15% көтеріледі

«Болашақ» стипендиясы 15 жылдан кейін алғаш рет 10-15%-ға көтерілуі мүмкін. Үкімет ұсынысы қарастырылып жатыр.

Қазақстанның жер асты байлығын ЖИ іздейтін болды

Қазақстанда геология саласын цифрландыру басталды. Енді пайдалы қазбаларды жасанды интеллект іздейді. Бұл әдіс алдымен БҚО-да…