Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқандарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, нақты ісімен Отан алдындағы адалдығын дәлелдеген бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Марапатталғандардың қатарында еріктілер, қоғам белсенділері мен экоактивистер бар. Олар ерекше үлгі көрсетіп, өзгелерді де тазалыққа шақырды.

«Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан. Тазалық – әр азаматтың парызы. Осы бастамаға үн қосқандардың еңбегі зор», – деді Мемлекет басшысы.

Акция аясында бүкіл ел бойынша мыңдаған адам тазалық шараларына қатысып, қоқыстар жиналып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Марапаттау рәсімі Астанада өтті.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев креативті индустрияны экономиканың жаңа тірегі етпек

Президент Тоқаев креативті индустрия қорының кеңсесіне барып, саланы экономиканың жаңа тірегіне айналдыру жолдарын талқылады.

Тоқаев: Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында экологиялық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтерді.

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жаңа идеологияның өзегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын елдің жаңа идеологиясының негізі деп атады.