Categories Көңіл ашар

Астанада ресейлік кинофестиваль басталды: көрерменді не күтіп тұр?

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында ресейлік кинофестиваль өз жұмысын бастады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль бағдарламасына соңғы жылдары түсірілген ресейлік фильмдер мен мультфильмдер енгізілген. Көрермендер үшін бірнеше күн бойы тегін көрсетілімдер ұйымдастырылады.

«Біз қазақстандық көрерменге заманауи ресейлік киноның үздік үлгілерін таныстыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтудың тағы бір қадамы», – деді ұйымдастырушылар.

Фестиваль аясында режиссерлер мен актерлердің қатысуымен шығармашылық кездесулер де жоспарланған. Көрсетілімдер елорданың бірнеше кинотеатрында өтеді.

Ұқсас жазбалар

Шорт-трек жұлдызы Абзал Әжіғалиев бақытты жан болды: үйлену тойы өтті

Қазақстанның танымал шорт-трекшісі Абзал Әжіғалиев отбасын құрды. Спортшы үйлену тойын өткізіп, жақындарымен қуанышын бөлісті.

Шымкентте кітап сүйер оқушылар марапатталды: Ұлттық кітап күніне орай

Шымкентте Ұлттық кітап күніне орай үздік оқушылар марапатталды. Қалада жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған шаралар…

Елордада Ресей мәдениет күндері өтті: гала-концерт жиналғандарды тамсандырды

Астанада Ресей Федерациясының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Шара аясында өнер шеберлерінің ауқымды гала-концерті өтті.