Биыл мектеп бітіруші үздік оқушыларға арналған «Алтын белгі» төсбелгісін жасауға бюджеттен 231,3 миллион теңге жұмсалады, бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша биыл 8 мыңнан астам «Алтын белгі» дайындалады. Мемлекеттік сатып алу порталындағы дерекке сәйкес, бір төсбелгінің құны – 27 695 теңге.
Тапсырысты орындаушы – Қазақстан теңге сарайы. Мекеме жұмысты мамыр айының соңына дейін аяқтауы тиіс.
Төсбелгі бағасы соңғы үш жылда айтарлықтай өскен. Мәселен, 2023 жылы бір «Алтын белгінің» өзіндік құны 16 520 теңге болған еді. Осылайша, бір жыл ішінде медаль 11 мың теңгеден астам сомаға қымбаттаған.
Сонымен қатар, үздік оқушылардың саны да артқаны байқалады. Былтыр министрлік небәрі 5 500 төсбелгіге тапсырыс берген болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден

