Categories Жайық news

БИЫЛ ӨҢІРДЕ 11 ИНВЕСТОРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Елордада Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум өтті. Оған облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов селекторлық режимде қатысты.

Алқалы жиында инвестицияларды қорғау, инвесторлар үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда аймақта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында жалпыұлттық пулға енгізілген 2,7 трлн теңгені құрайтын 59 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар шеңберінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс. Бұл бағытта облыста да атқарушы орган тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биылғы І тоқсанда 11 инвестордың құқығы қорғалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі #aa

Ұқсас жазбалар

КПО қызметкерлері «Таза қала» акциясын қолдады

Бүгін Ақсай қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Республикалық акцияға ауданымыздағы компаниялар мен кәсіпорындар…

Біріне арзан, біріне қымбат: Орал әуежайы авиаотын бағасын алалап сатқаны үшін жауапқа тартылды

Орал әуежайы әуе компанияларына авиаотынды себепсіз әртүрлі бағамен сатқаны әшкереленді. Монополияға қарсы орган тергеу жүргізді.

«Жаңа келісімдерге қол қоямыз»: Тоқаев Ердоғанның сапарына дайындықты талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесіп, Режеп Тайип Ердоғанның 14 мамырдағы сапарын талқылады.