Categories Жайық news

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

Бортында төрт астронавты бар «Орион» ғарыш кемесі Айға сапарға шықты. Бұл – адамзаттың 1972 жылдан бері Жер орбитасынан тысқары жасаған алғашқы миссиясы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ғарыш кемесінің қозғалтқыштары алты минут бойы штаттық режимде жұмыс істеп, Ай орбитасына ену үшін қажетті үдеуді қамтамасыз етті.

Бұл – 1972 жылы ұшырылған «Аполлон-17» миссиясынан бергі жарты ғасырдан астам уақыттағы адамдардың Айға жасаған алғашқы сапары.

Экипаж 10 күнге созылатын миссия барысында Айға қонбай, оны айналып ұшып, Жерге оралады.

Ал адамның Ай бетіне қайта қадам басуы келесі, яғни «Артемида-3» миссиясы аясында жоспарланып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.