Categories Жайық news

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа мессенджер жасалады: Ол қандай болады?

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жұмысына арналған Alem GovWorkspace атты жаңа, қорғалған мессенджер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның сауалына жауап берген кезде мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, бұған дейін цифрлық штаб мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы қызметтік байланыс үшін отандық Aitu қосымшасын ұлттық мессенджер ретінде бекіткен.

Енді шенеуніктердің қауіпсіз цифрлық жұмыс ортасын қалыптастыру үшін жаңа, кешенді шешім қолға алынбақ.

«Мемлекеттік органдардың қорғалған цифрлық жұмыс ортасын құру үшін Alem GovWorkspace атты отандық, кешенді технологиялық шешім әзірленіп жатыр. Ол мемлекеттік қызметшілердің қашықтан жұмыс істейтін орындарын қауіпсіз етуге арналған. Бұл платформада лезде хабар алмасу, топтық чаттар құру, аудио және видеоқоңыраулар жасау функциялары болады», – деді Олжас Бектенов.

Жаңа жоба мемлекеттік қызметшілерге арналған толыққанды қорғалған жұмыс кеңістігін құруды мақсат етеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер 50% жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыруды…

Астанада қалың қар жауып, бір түнде 45 жол апаты тіркелді

Астанада 5 ақпан күні кешке жауған қалың қардың салдарынан бірнеше сағат ішінде 45 жол-көлік оқиғасы…

Қазақстанға келетін шетелдік әртістерге талап күшейді: Енді олар әкімдіктің рұқсатынсыз ән айта алмайды

Сенат шетелдік орындаушылардың концерттік бағдарламасын жергілікті әкімдікпен алдын ала келісуді міндеттейтін заңды мақұлдады.