Categories Жайық news

Қызметінен кеткен Руслан Желдібай халыққа үндеу жасады

Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінен босатылған Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазба жариялап, алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ол өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға тырысқанын жеткізді. Алайда, енді қандай қызметке баратынын нақтыламады.

«Мен Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндетті тиісті деңгейде орындау үшін бар күш-жігерімді салдым. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп сенемін. Алдағы уақытта да кәсіби тәжірибемді еліміздің игілігіне жұмсай беремін», — деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…