Categories Жайық news

Трамптың тариф қаупі: Еуропа «Бәрінің шегі бар» деп қатаң жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамптың одақтастарға қарсы жаңа тарифтер енгіземін деген сөзі Еуропада үлкен наразылық тудырды. Ұлыбритания, Франция және Дания саясаткерлері бұл бастаманы бір ауыздан сынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Трамптың бұл әрекетін «мүлдем дұрыс емес» деп атады. Оның айтуынша, НАТО одақтастарының ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне кедендік баж салығын енгізу – қате саясат.

«Біз Арктикадағы қауіпсіздік бүкіл НАТО үшін маңызды екенін және барлық одақтас Ресей тарапынан төнетін қауіпке қарсы тұру үшін көбірек күш салуы керегін анық айттық», — деді британдық премьер-министр.

Дания саясаткерлері де Трамптың сөзіне бей-жай қарамады. «Дания демократтары» партиясының жетекшісі Ингер Стойберг елді «Трамптың қорқытып-үркіту әдістеріне» бой алдырмауға шақырды.

«Тариф енгізу туралы қорқытуларға еуропалық ынтымақ пен қарсылық арқылы жауап беру керек. Бәрінің шегі бар», — деп жазды Дания парламентінің депутаты Пелле Драгстед X әлеуметтік желісінде.

Франция президенті Эммануэль Макрон да өз пікірін білдіріп, Трамптың тарифтік қаупін «мүлдем қабылдауға болмайды» деп мәлімдеді.

«Ешқандай қорқыту біздің шешімімізге әсер ете алмайды», — деп жазды Макрон.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…